«Қазақстан сарбаздары»
Мәтіні:Бақытжан Ауданбаевтікі
Әні: Айжігіт Асановтікі
-1-
Шартарапқа шарықтаған даңқымыз,
Қуат берген, жігер берген халқымыз.
Бейбітшілік жолында,
Қару алған қолына,
Қазақстан сарбаздарымыз.
Сенім артқан бізге қала-ауылдар,
Сенім артқан үлкен-кіші бауырлар.
Сенім артқан біздерге,
Өз бақытын іздеген,
Айдай сұлу әсем Арулар.
Қ-сы:
Қыздар, қыздар, Ару қыздар.
Сезімдер сөнбесе,
Әскерден келгенше,
Сендер бізді күте тұрыңдар.
-2-
Күркіретіп, күңірентіп аспанын,
Ұран болып әуелейді асқақ үн.
Келе жатқан тобымен,
Бабалардың жолымен.
Сарбаздары Қазақстанның.
Жауға атылған найзағайдай біз жалын,
Жолатпаймыз қасіреттің ызғарын.
Ешкім қарсы тұра алмас,
Тыныштығын бұза алмас.
Айдай сұлу арман қыздардың.
Қ-сы: