Саған қолым жете ме
Айтсам сөзiм өтеме
Болсам жақын етене
Деп ойлаймын
Көріп алдым басымды
Көңiл-күйi ашылып
Бiр өзiңдей асылым
Көп ойлаймын
Аяла менi
Аяла менi
Қарап жүрмiн жолыңа
Бағала менi
Шағала менi
Қондыршы тез қолыңа
Көңіл бөлшi аз ғана
Жас жүректi жас қама
Алданбашы басқаға
Жалынамын
Өмiрiмнiң алауы
Көңiлiмнiң қалауы
Бір сен ғана аяулы
Жаным әнi
Аяла менi
Аяла менi
Қарап жүрмiн жолыңа
Бағала менi
Шағала менi
Қондыршы тез қолыңа